Жапонияның ішіндегі теңіз — елдің тірі жүрегі

Бүкіл әлемге атымен белгілі Lonely Planet туристік гид туристік саяхаттар үшін ең қызықты 10 жердің тізімін жариялады. Бұл тізімге Корсика аралы, Мустанг патшалығы және Мексика шығанағы кіреді. Тоғызыншы орынды Жапонияның орталығында орналасқан теңіз алады.

Сето Найкай теңізі Тынық мұхитына жатады және көптеген шағын аралдарды шайып жатыр, оның суларында жануарлардың 500-ден астам түрі өмір сүреді. Мұндай әртүрлілікті тропикалық климаты бар жағалауға жақын жерде байқауға болады, мысалы, Тайланд. Аралдардағы табиғат пен әлеуметтік құрылым бүкіл елдің қысқартылған көшірмесі болып табылады. Пейзаждар жағажайларға, арналарға, тау жоталарына, жанартауларға толы. Өндіріс дәстүрлі ауыл шаруашылығымен (мандарин бақтары, күріш алқаптары) және жапон өнеркәсібінің қазіргі заманғы түрлерімен (тұзды судан уран өндіретін зауыттар, інжу-маржан өсіретін плантациялар) ұсынылған. Әлеуметтік инфрақұрылым да әртүрлі: шағын оқшауланған ауылдар да, мегаполистер де бар.

Жапондықтар өздерінің ішкі теңіздерін Жерорта теңізімен салыстырады. Олардың басты ұқсастығы су кеңістігінің олар жуатын материктердің дамуында атқаратын рөлінде жатыр. Көкөністер, жемістер мен дәнді дақылдар жұмсақ климатта жақсы өсті, ал теңіз арқылы тартылған жолдар халықаралық экономикалық қатынастардың өсуіне ықпал етті.

Жарияланған күні: 30.11.2012, 14:35