Жапония энциклопедиясы ->
Аа: Глоссарий АНДО Тадао (1941 ж. т.) — жапон сәулетшісі. Осака қаласында дүниеге келген.
Андоның архитектуралық жобалары әрқашан табиғатпен байланысты, табиғи жарыққа қол жеткізуді білдіреді. Олар жаңбыр мен желді, жыл мезгілдерінің өзгеруін қабылдаудан ләззат алу үшін жасалған, бұл жалпы дәстүрлі жапон сәулетіне тән. Ол жобалаған ғимараттар жапондық дәстүрлерді еске түсіреді, бірақ дәстүрлі стильдерге соқыр еліктеусіз. Оның белгілі еңбектерінің қатарына Хиого префектурасындағы Балалар сарайы (1987), Су шіркеуі (1989) және Жарық шіркеуі (1989), Сантори мұражайының ғимараттары (1994), Асахи Биру (1995) жатады. Андо Севильядағы World Expo 92 көрмесінде жапон үкіметінің павильонын жасады.
Андоның жұмысы сәулет әлемінде байқалды және ол көптеген ұлттық және шетелдік марапаттарға, соның ішінде Француз сәулет академиясының Алтын медаліне ие болды. Бірнеше жыл АҚШ-тың Йель, Колумбия және Гарвард университеттерінде сабақ берді. Андо — қазіргі табиғи жарық сәулетшісі. «Қала зергерлік жәшік сияқты, ал ғимараттар ондағы асыл тастар. Мен жәшіктерді асыл тастармен толтырғым келеді».
Бұл қалалардың келбетін ішінен өзгертуді армандаған сәулетші Андо Тадаоның сөзі. 
Copyright © «JAPAN TODAY» 21.12.2006 Пікірлер Пікір қосу